Ұлытауда GPS арқылы бақылауға алынған құланды өлтіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Орталық Қазақстанға жіберілген құландардың бірі Ұлытаудан өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры хабарлады.

«Күн сайын спутниктік хабарлағыш бекітілген төрт құланды бақылауда ұстаймыз. Бір хабар таратқыш ұзақ уақыттан бері орнынан қозғалмады. Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қорының мамандары жолға шықты және 16 қаңтарда аналық құланды өлі күйінде тапты», - делінген хабарламада.

Құлан Қарағанды облысы Ұлытау ауданында бауыздалған күйінде табылды. Оның жанында екі автокөліктің ізі мен оқ гильзасы жатты.

«Оқиға жөнінде акт құрылды. Өлі құлан туралы деректер Ұлытау аудандық ішкі істер бөліміне және жануарлар әлемін қорғайтын мемлекеттік ұйымдарға жіберілді», - деп хабарлады қауымдастық.

Соңғы жаңалықтар