Ұлытауда Camry 15 жолаушысы бар Sprinter-ге соғылып, өртеніп кетті

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жеңіл көлік пен 15 жолушысы бар шағын автобусқа соғылды. Жол апатынан бір адам көз жұмды. Бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ұлытау ауданының «Мибұлақ ауылы-Жомарт кеніші» автожолында Мибұлақ ауылынан 10 шақырым жерде «Toyota Camry» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульге ие болмай, 46 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz Sprinter» шағын автобусына соғылды.

«Оқиға орнында болған жол апатынан жеңіл көліктің 32 жастағы жолаушысы көз жұмды. Сонымен қатар, аталған автокөлік жүргізушісі мен үш жолаушы, сондай-ақ Sprinter жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты кезінде «Sprinter» салонында 15 адам болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар