Ұлытауда ауыл жастарының форумы өтті

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Ауыл жастарының халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


Шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің 13 өңірінен барлығы 200-ге жуық адам қатысуда.

Форумның басты тақырыбы – ауыл жастарының сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына жағдай жасау, кез келген бастамаларына қолдау көрсету. Қазір кәсіп ашуды қалаған жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Алайда, сол көмекті алудың тетіктерін көпшілігі біле бермейді, көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар. Сондықтан келешекте ақпараттандыру жұмыстарына басымдық берілмек.

«Форум аясында алты мемлекет жастары арасында арнайы қарар қабылданатын болады. Сонымен қатар жас кәсіпкерлікті дамыту бойынша арнайы меморандум мен келісімдерге қол қою көзделіп отыр. Сөзсіз, тәжірибе алмасу, гранттарды беру. Сосын еліміздегі қолдау шараларын басқа мемлекеттерге түсіндіріп, осы салада тәжірибе алмасу көзделіп отыр», - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.

Соңғы жаңалықтар