Ұлытау туристерге тартымды, ал халқымызға тәу ететін мекен болып қала береді - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА-ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Ұлытау туристерге тартымды, ал халқымызға тәу ететін мекен болып қала береді. Бұл туралы бүгін «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Сонау бір жылдары қазақтың елордасына лайықты жер іздеу кезінде Ұлытауға да арнайы ат басын бұрғандығын атап өткен Елбасы: «Нағыз қазақтың ортасы. Бірақ қазіргі заманмен қарайтын болсақ, өздеріңіз де көріп отырғандай, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болатын және түбінде бұл елордаға лайықты болмас еді. Бірақ қасиетті жер ретінде қала береді. Теміржол, көлік жолы салынып жатыр. Келешекте туризм болатын, халқымыздың келіп тәу ететін жер болып саналады», - деді.

Соңғы жаңалықтар