Ұлытау тобына жаңа домбырашы қабылданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Этно-рок бағытындағы «Ұлытау» тобына жаңа домбырашы қосылды. Рүстем есімді жаңа музыкантты топ продюсері Қыдырәлі Болманов Алматыда өткен «Бақыттымын өзіңмен» концертінде таныстырды.

«Домбыраның үнін сәл басымдау етуді ұйғардық. Домбырашы Ержанның қасына енді Рүстем деген жігітті қосып алдық. Екеуінің түрі де ұқсайды, бойлары да бірдей», - деді Қыдырәлі Болманов. Ал, жалпы концертке келсек, ән кешінде халық әндерінен бастап, этно-рок стиліндегі дүниелер көпшілік көрерменнің көңілінен шықты. Әнші Қарақат Әбілдина Алматыға деген сағынышын «әнімен» жеткізді. «Астанаға көшіп кеткенімізге 5-6 жылдың жүзі болды. Алматыда 5-6 жыл концерт бере алмадық. Оқу бітіріп, білім алып, тәрбиеленіп, осы жерде жар тауып, отбасын құрдық. Алматымен көп өміріміз байланысты. Алматы көрерменінің ыстық ықыласын сағындық», - деді әнші Қарақат Әбілдина. Кеш барысында продюсер өзінің жаңа екі жобасын көрермен назарына ұсынды. Ағайынды Жүгінісовтер мен Әлихан Байсұлтанов, «Қарақат мектеп-студиясының» өнерпаз қыздары өнер көрсетті. Тіпті, сахнада «Балбала» компаниясының соңғы үлгісі «Ақылды қонжық» та өз мүмкіндігін көрсетті. Компания иесі болашақта тек қуыршақтармен шектеліп қана қоймай, «Балбала» брендімен велосипедке дейін шығаруды жоспарлап отырғандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар