Ұлытау облысының жедел жәрдем қызметіне жаңа автокөліктер табысталды

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында арнаулы автокөліктердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның аясында денсаулық сақтау саласы бойынша түрлі көздерден қаржыландырылатын 19 жоба көзделген. Мәселен, облыстық жедел жәрдем станциясы үшін 7 арнаулы автокөлік пен 5 реанимобиль, 7 мобильдік гараж кешені мен Сәтбаев қаласының емханасын сатып алу жоспарланған.

Бүгін 2022 жылы шыққан 4 JAC пен 3 Газель-Некс жедел жәрдем көлігінің кілттері табыс етіледі.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобильдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп есептейді өңір басшысы.

Жаңа жедел жәрдем машиналарын Жезқазған (2), Сәтбаев (2) қалаларының, Қаражал қаласы Жәйрем кентінің (1), Жаңаарқа ауданының (1), Ұлытау ауданы Жезді кентінің (1) жедел медициналық жәрдем станциялары алды. Бұл санитариялық көліктер заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған.


Соңғы жаңалықтар