Ұлытау облысының прокурорлары 9 млрд теңге бюджет қаржысы негізсіз жұмсалуының алдын алған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың басынан бері Ұлытау облысының прокурорлары 9 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалуының алдын алған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыс прокуратурасының мемлекеттік сатып алу саласындағы қадағалау жөніндегі жұмысы заң бұзушылықтарды жариялау кезінде олардың ерте сатысында – жолын кесуге бағытталған, бұл конкурстың өзін өткізуді, оның жеңімпаздарын анықтауды немесе шарт жасасуды күтпей-ақ заң бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Демек, бұзушылықтарды жою мерзімдері қысқарып, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қолжетімділік ашылатын әлеуетті өнім берушілердің құқықтары тез арада қорғалып, сот даулары үшін уақыт босқа кетпейді.

Жыл басынан бері 8 акт енгізіліп, 9 млрд теңгені құрайтын 29 конкурстын күші жойылды. Әкімшілік жауапкершілікке – 4, әртүрлі жауапкершілікке 9 лауазымды тұлға тартылды.

Талдау көрсеткендей, тапсырыс берушілер конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбей, жобалау-сметалық құжаттамаларынсыз, конкурстық құжаттамаларда мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көзделген.

Мысалы, Сәтбаев қаласының әкімдігі «Сәтбаев қаласының Автомобиль жолдарын күтіп ұстау» бойынша 2,8 млрд теңге сомасына ашық конкурс жариялаған.

Байқау бір лот болып жарияланып, оған «Сәтбаев қаласының алаңдары мен скверлерінде санитарияны қамтамасыз ету» бойынша жұмыстар да кірген.

Жұмыстың бұл түрі мүгедектігі бар адамдардан тікелей сатып алынатынын ескере отырып, конкурсқа Тапсырыс беруші олардың қолжетімділігін шектей отырып, конкурсты жалпы тәртіппен заңсыз жариялаған.

Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстын күші жойылып, мүгедектер ұйымдары арасында ашық конкурс қайта жарияланды.

Айта кету керек, прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде адал өнім берушілердің құқықтарын қорғау болып табылады.

Осылайша, облыс прокуратурасы тапсырыс берушілер тарапынан қандай да бір шектеу шараларынсыз мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің белгісіз тобының құқықтарын қалпына келтірді.


Соңғы жаңалықтар