Ұлытау облысының Полиция департаментіне басшы тағайындалды

None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Ұлытау облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы болып Қайыркен Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ұлытау өңіріне жұмыс сапары кезінде Жезқазған тұрғындарымен кездесіп, жиналған жұртқа облыстық Полиция департаментінің бастығын таныстырды.

«Президент Әкімшілігінің келісуімен, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Полиция департаменті бастығы лауазымына полиция полковнигі Қайыркен Жетпісбайұлы Әлиев тағайындалды. Ішкі істер органдарында 22 жылдан астам әртүрлі жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған. Енді сол жинаған тәжірибесі мен қабілеті арқасында өңірдегі қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етеді деп сенемін», – деді Марат Ахметжанов.

Айта кету керек, Қайыркен Әлиев жаңа лауазымына дейін Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар.

2000 жылдан бастап Ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде түрлі лауазымда болды. Кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторынан бастап бөлім бастығына дейін әртүрлі қызмет атқарды.

2009 жылға дейін Ішкі істер министрлігінің Балқаш қаласы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы болды.

2009 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасы Теміртау қаласы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Теміртау қаласы ІІБ бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Полиция департаментінің Саран қаласы полиция бөлімінің бастығы.

2018 - 2022 жылдары - Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

2022 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Ұлытау облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарды.


Соңғы жаңалықтар