Ұлытау облысында мәслихат сайлауына қатысқан партиялар қанша дауыс жинады

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытауда жалпы саны 141 285 сайлаушы тіркелген. Дегенмен оның ішінде 82 999 адам дауыс беруге келген.

Ұлытау аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс бойынша 82 999 сайлаушы дауыс берді.

Ал сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 57,83 % немесе 47 409 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,17% немесе 9 159 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 3,45% немесе 2 827 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 4,19 % немесе 3 435 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 7,35% немесе 6 022 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» демократиялық партиясы – 14,48 % немесе 11 874 адам дауыс берді.

Ал 1252 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінді: «Amanat» партиясы – 8 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 1 мандат, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы -2 мандат», - деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Битенова.

Соңғы жаңалықтар