Ұлытау облысында ғарыш кемесі бөлшегінің құлауына байланысты бір қыстақ тұрғындары эвакуацияланды

None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы бір ауылдың тұсына ғарыш кемесінің бөлшегі құлады. Жергілікті билік бір қыстақ тұрғындарын эвакуациялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылының маңында ғарыш кемесінің фрагменті құлаған сәтті видеоға түсіріп алған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, адамдар арасында жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келуі мүмкін деген алаңдаушылық туындады. Алайда, Жаңаарқа ауданының әкімдігі бұл бөлшек қауіпті емес және зиянсыз деп сендіреді.

«Бұл жерге түскен бөлшек – «ПРОГРЕСС МС 21» жүк тасымалдаушы ғарыш кемесінің қалдығы. Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстақ тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын қозғамадық. Ғарыш кемесінің ұшу күні, уақыты және қалдықтың түсетін орны алдын ала белгіленіп, «Роскосмос» мамандарынан арнайы шұғыл әрекет ету топтары құрылып, күзетке алынған. Құлаған қалдықтар ғарыш кемесінің бірінші сатысы, яғни зиянды әсері жоқ. Қалдықты тазалау, алып кету жұмыстары жүргізілді. Арнайы техника және мамандар жұмылдырылып, бақыланды», - деп түсіндірді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.




Видеодан алынған кадр








Соңғы жаңалықтар