Ұлытау облысында 0-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері сабақты қашықтан оқиды

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысында 0-11 сынып оқушылары мен коллеждердің 1-2 курс студенттері сабақты қашықтан оқиды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлытау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«9 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен коллеждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшіріледі»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» осыған дейін қаңтар айында күн суытатынын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар