Ұлытау облысы –құрылыс қарқынды жүріп жатқан 3 өңірдің бірі

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуына қарағанда құрылыс қарқыны артқан өңірлердің алғашқы үштігіне Ұлытау облысы еніп отыр. Бұл жайында ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, жылдың сегіз айында тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету көрсеткіші 18,5%, газ өндіруде өсім – 2,7% өсім, көмір өндіруде – 2,2%, металл кендерін өндіруде – 0,5% өсім байқалған.

«Бұл ретте өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 8,3%-ке төмендеу тіркелді. Аталған кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,5%-ке ұлғайды», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров құрлысы қарқынын арттырған өңірлерді атады.

«Көрсеткіштің оң өсуі 16 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Алматы, Ұлытау, және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 1,2%-ке төмен.

Оң өсу 14 өңір бойынша тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан, Алматы, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

Көрсеткіштің төмендеуі жаңадан құрылған Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау облыстарында, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда», - деді Ұлттық экономика министрі.


Соңғы жаңалықтар