Ұлытау облысы әкімдігінің екі басқармасына басшылар тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Дидар Мұтәліпов Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дидар Мағауұлы 1976 жылы туған.

2007 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы: «Дене шынықтыру және спорт».

Еңбек жолын дене шынықтыру мұғалімі, дзюдодан жаттықтырушы болып бастаған.

2012 жылдан 2015 жылға дейін «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ Дархан Мұқан Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дархан Қабылдашұлы 1988 жылы туған. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2021 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: «Филология», «Құқықтану».

2009 жылдан 2021 жылға дейін «Сарыарқа газеті редакциясының» бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі.

Жаңа тағайындауға дейін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.


Фото: facebook.com/ulytau.gov.kz

Соңғы жаңалықтар