Ұлытау облыстық мәслихатының төрағалығына Бауыржан Шыңғысов сайланды

None
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Жезқазғанда VIII шақырылған депутаттар Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасын сайлады. Екі үміркердің арасынан Бауыржан Шыңғысов көпшілік дауысты жинап, төраға болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа Ұлытау облысы әкімі қатысты.

Берік Әбдіғалиұлы депутаттарды жұмысының басталуымен құттықтап, халық қалаулыларына өңір тұрғындарының игілігі үшін қызметінде табыс тіледі.

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының VIII шақырылған Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысы туралы ақпаратын тыңдап, олардың өкілеттігін мойындай отырып, бірінші сессияда Ұлытау облыстық мәслихаты төрағасын сайлау қаралды.

Дауыс беруге екі кандидатура ұсынылды: өткен сайланған облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бекзат Дайрабайұлы. Бауыржан Шыңғысовтың кандидатурасы депутаттардың көпшілік даусымен қолдау тапты.

Сонымен қатар, отырыста тұрақты комиссиялардың құрамы құрылып, бекітілді.

Ұлытау облысының экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып №3 аумақтық сайлау округі бойынша депутат Еркебұлан Бодықов сайланды.

Ұлытау облысының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Amanat» партиясының депутаты Зина Ақылбекова сайланды.

Ұлытау облысының аграрлық, жер, ауыл шаруашылығы, ветеринария мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Ауыл» партиясының депутаты Гүлназ Омарова сайланды.

Ұлытау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Ақ жол» партиясының депутаты Ақылбек Аманов сайланды.











Соңғы жаңалықтар