Ұлытау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары ауылға бөлінген қаражатты толық игермеген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2022 ауылға республика бюджетінен бөлінген 128 млрд теңгенің 94 пайызы игерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы 577 ауылдық елді мекенде 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді.

Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс әкімдіктері бөлінген қаражаттың 94% игерген», - деді ол Үкімет отырысында.

Қаражаттың жоғары игерілуі Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында байқалған көрінеді.

«Сонымен қатар қаражаттың ең төмен игерілуі Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Министрлік жыл сайын ауылдардың өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қамтамасыз етілуіне мониторингін жүргізеді.

Өңірлік стандарттар жүйесінің мақсаты – ауылды аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және қолдау арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасау.

Жобаның өткен жылдарда іске асырылуы нәтижесінде өңірлердің көрсеткіштері стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес жоғарылады. Мәселен, орташа қамтамасыз ету 2021 жылы 64,1% құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,3% жоғары», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар