Ұлытау ауданындағы дала өрті толықтай өшірілді

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Ұлытау ауданында дала өрті толығымен жойылды. Жалын 40 мың гектарға жуық жерді шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Өрттің ең үлкен аумағы 2 ауылдық округ - Жангелді және Ақтас аумағында болды. 28000 га алаңда құрғақ шөп өртенді, жалын 7 шілде күні 18:10-да ауыздықталып, 8 шілдеде 21:00-де толықтай өшірілді.

Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөптің жануы тіркелген. Өрт 7 шілдеде 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде 21:00-де жойылды.

Сол ауылдық округте, бірақ Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде 3500 га жерді алып жатқан өрт 8 шілде 2100-де сөндірілді.

Ұлытау ауданының тағы бір ауылдық округі дала өрттерінен зардап шекті. Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 км жерде 3600 га алаңда құрғақ шөп өртенді, өрт 8 шілде 21:00-де жойылды.

Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар