Ұлытау ауданында қазақ күресі мектебі мен стадион салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлытау ауданында екі спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Әнуар Омар мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біздің аудан бойынша тоғыз жоба ұсынылды. Олардың төртеуі жүзеге асырылды. Тағы бесеуі келесі жылға жоспарланып отыр. Оның қатарында - 50 орынға шақталған демалыс аумағының құрылысы, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы стадион құрылысы да бар, - деді Әнуар Омар.

Әкімнің айтуынша, бұл жобалардың барлығы демеушілер қаражатына салынады.

Соңғы жаңалықтар