Ұлытау ауданында боранда адасқан әке мен бала аман табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 38 жастағы ер адам мен оның 16 жасар баласы жоғалып кетті. Олар 24 ақпанда Жангелдин ауылдық округінің қыстағынан трактормен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іздестіру-құтқару жұмысына ТЖД, полиция бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті тұрғындар мен ұйымдардың күші тартылды.

Іздеуге барлығы 24 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Құтқару жұмысы ауа райының қолайсыздығымен күрделене түсті.

«Бүгін, 25 ақпан сағат 19:30-да іздеу тобы жоғалған адамдарды шыққан жерінен 18 км қашықтықтан тапты. Боран мен аязға байланысты ер адамдар адасып, көрші қыстауда қалып, ауа райының жақсаруын күту жөнінде шешім қабылдаған. Табылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының ТЖД мамандары өңір тұрғындарына ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден бас тартуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді ұсынады.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.

ТЖД жедел штабының қауырт желі телефоны - 51-72-23.


Соңғы жаңалықтар