Ұлымның Отан үшін жанын қиғанына өкінбеймін - қаза болған жауынгердің анасы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе жұрты бүгін өткен жылдың 5 маусымы күні лаңкестермен шайқаста қаза болған әскери қызметкерлерді еске алып, олардың ергіліне тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі еске алу шарасы кезінде қаза болған мойор Даниэль Майлыбаев, сержант Берік Қалиев пен жауынгер Досбол Сапардың ата-анасы №6655 әскери бөліміне келді. Еске алу шарасы кезінде «Мәңгілік сапта» тақтасы ашылды.

1

Ал жиынға қатысқан ата-аналар балаларын еске алып, олардың ерліктерін үлгі етті. 

«Отан үшін жанын қиғанына ешқашан өкінбеймін, мақтанышпен айта аламын. Тек Досбол жас кетті деп өкінемін. Ұлым Отан қорғау жолында абыроймен шейіт болды. Көз жұмды деп те айта алмаймын. Құран Кәрімде «Отан қорғау жолында қаза болған адамдар шейіт болды» деп айтылады екен», - деді қатардағы жауынгер Досбол Сапардың анасы Жұлдыз Құдабаева.

2

Досбол Сапар - отбасының тұңғышы. Оның Гүлнұр атты қарындасы, Ербол атты інісі өсіп келеді.

3 

«Жасұландықтарға «патриот болыңдар» деп айтқым келеді. Жас ұрпаққа діни экстремизмге қарсы болыңдар деп айтамын. Біздің мақсатымыз - бейбіт, егеменді елде өмір сүру. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ерлік тектіліктен шығады. Балам Досбол Қара қыпшақ Қобыландының, Бейбарыс сұлтанның шөбересі, солардың ұрпағы екенін тағы бір рет дәлелдеді. Кеше ғана мұрағатты қарап отырып мектепте жазған шығармасын тауып алдым. Ол жерде «Кім боламын?» атты тақырыпта шығарма жазылған. Досбол «Мен әскерге барамын, әскери адам боламын» депті. Оның арманы орындалды», - деді Ж. Құдабаева. Анасы баласын еске алып, жыр шумақтарын арнады.

Соңғы жаңалықтар