Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы 31 қазанға қалды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО көшбасшылары 10 сәуірде өткен кезектен тыс саммитте Ұлыбританияның одақтан шығуын 2019 жылдың 31 қазанына қалдыруға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Бұл кейінге қалдыру мен күткендей ыңғайлы және мен күткеннен гөрі әлдеқайда қысқа болып шықты. Бірақ ол дұрыс шешім қабылдау үшін жеткілікті. Бұл уақытты текке өткізбеңіздерші», - деді Еуропалық одақ президенті Дональд Туск баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕО көшбасшылары өз мәлімдемелерінде Ұлыбританияның 23-26 мамыр аралығында Еуропарламентке сайлау өткізетіндігі жайлы жоғары деңгейде атап өтті. Лондон сайлауды өткізе алмаған жағдайда ел 2019 жылдың 1 маусымына дейін Еуропалық одақтан кетуге тиіс.

Айта кетейік, Британ премьер-министрі Тереза Мэй елдің ЕО-тан шығу мерзімін 30 маусымға ауыстыру туралы сұраған болатын. Егер парламент Брюссельмен бұрынырақ Еуропалық Одақтан бас тарту туралы келісімге қол жеткізсе, одан бұрын шығу мүмкіндігі бар.

Автор: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар