+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Ұлыбританиядағы онлайн байқауда атыраулық жас ұстаз үздіктер қатарынан көрінді

2020 жылғы 4 қазан 15:02
Бөлісіңіз:
Ұлыбританиядағы онлайн байқауда атыраулық жас ұстаз үздіктер қатарынан көрінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын жас ұстаз Ұлдана Наурызғалиева Британдық кеңес ұйымдастырған бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» онлайн байқауына қатысып, үздік 30 мұғалімнің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлдан Наурызғалиева Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Еңбек жолын үш жыл бұрын бастаған. Қазір Құрманғазы ауданында орналасқан Абай атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінен дәріс береді. Ол Ұлыбританиядағы Уорик университетінің қолданбалы лингвистика орталығының директоры Пенни Мосавианның кіріспе вебинарларына қатысқан.

«Бұл вебинарлар мұғалімдерге видео сабақ жасаудың түрлі қағидасын, әдістері мен құралдарын меңгеруге көмектеседі. Одан кейін мектеп оқушылары үшін ағылшын тілінің лексикасы немесе грамматикасы туралы видео сабақ әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді. Мен жалпы білім беретін мектептің 11- сыныбына арналған грамматикалық «Question tags» тақырыбын таңдадым» -дейді Ұлдана Наурызғалиева.

Оның айтуынша, бұл байқау Британдық кеңестің онлайн-ресурстарын пайдаланып, бейне сабақ топтамасын жасауға, оқушыларды қашықтан оқытуда қолдауға негізделген. Әр вебинардың уақытын, ұйымдастырылуын Британдық кеңестің жоба менеджері Ардақ Бектұрова қамтамасыз еткен. Мұғалімдерге арналған инновациялық жобада жеке және практикалық жұмыстарда видеоны жақсарту үшін кеңестер берілген. Кейін жобаны жүзеге асырушылар ұсынған тақырып аясында қайтадан бейне сабақ түсіріп, бағалауға жібереді екен.

Британдық кеңестің онлайн-байқауына қазақстандық 200 ұстаз қатысқан. Ал атыраулық жас ұстаз Ұлдана Наурызғалиева солардың арасынан үздік деп танылған 30 мұғалімнің қатарына еніп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT