Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Ұлыбританиядағы айқас: «Астана арландары» финалға жақындады

2018 жылғы 18 мамыр 09:08 1158
Бөлісіңіз:
Ұлыбританиядағы айқас: «Астана арландары» финалға жақындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалындағы «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы алғашқы кездесуде отандастарымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің салмағында титулынан айырылған Сондерсті тағы бір жаза күтіп тұр Жәнібек Әлімханұлы 11 жыл түрмеде отырған америкалық «Жыртқышпен» кездеседі

Жартылай финалдық кезеңнің алғашқы айқасын сырт алаңда, яғни Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өткізген жерлестеріміз жергілікті боксшыларды 3:2 есебімен ұтып, финалға бір табан жақындай түсті.

Қазақстандық команда қатарында Ілияс Сүлейменов, Ділмұрат Мәжітов және Әбілхан Аманқұл қарсыласынан басым түсті. Ал Арбек Абдуғаниев пен Теміртас Жүсіпов жеңіліс тапты.

Айта кетейік, жекпе-жек кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Енді, екінші қарымта айқас 26 мамырда Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арландары» осыған дейін Бүкіләлемдік бокс сериясында үш рет жеңіске жеткен болатын. Мұндай жетістікке әлі ешбір команда қол жеткізген емес.

Қазақстандықтар алғашқы чемпиондық атаққа 2013 жылы қол жеткізді, екінші рет араға бір жыл салып, 2015 жылы тағы да бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал үшінші рет жеңісті 2017 жылы тойлады. Сондай-ақ, 2011 жылы - екінші орын, 2012, 2014 және 2016 жылдары үздік үшінші орын иеленді. Міне, биыл тағы да жартылай финалға шығып отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат