Ұлыбританияда жасанды жолмен ұрықтандырудың жаңа тәсілі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның лордтар палатасы үш адамның ДНК-сынан алып, жасанды жолмен ұрықтандыруға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Reuters.

Үш сағат талқыланған заң жобасын Ұлыбритания парламенті жоғары палатасының 232 мүшесі қолдап шыққан.

Енді рұқсат етілген әдіске сәйкес, анасы, әкесі және донор болған әйелдің ДНК-сын біріктіріп, қолдан ұрықтандырады. Балада үш адамның гені болады. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұқым қуалайтын аурулардан құтылуға жәрдемдеседі.

Соңғы жаңалықтар