Ұлыбританияда тағы бір ауқымды қарсылық акциясы өтпек

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Британдық мемлекеттік және коммерциялық қызметтер одағы (PCS) 100 мың адам қатысады деген кезекті наразылық акциясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін PCS мүшелері мұғалімдермен, университет қызметкерлерімен және поезд жүргізушілерімен бірге 1 ақпанда Бристоль, Брайтон, Бирмингем және Лондонда жаппай ереуілге шыққан еді.

Ұлыбританияның мемлекеттік қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын PCS кәсіподағы жалақыны 10% көтеруге, зейнетақымен қамсыздандыруды жақсартуға және қызметкерлерді қысқартуды тоқтатуға шақырады.

Ереуілге 123 мемлекеттік органның, оның ішінде Білім, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрліктерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ел үкіметі бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге жалақыны 3% - ға дейін көтеруді ұсынған болатын, алайда кәсіподақ Ұлыбританиядағы соңғы 40 жылдағы инфляцияның орташа деңгейіне сәйкес жалақыны 10% - ға арттыруды талап етіп отыр.

Сонымен қатар Англия мен Уэльстегі мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері кіретін ең ірі ұлттық білім одағының (NEU) мүшелері де 15-16 наурызда наразылық акциясына шықпақ.


Фото: Jordan Pettitt/PA Images via Getty Images

Соңғы жаңалықтар