Ұлыбританияда неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда неолит пен қола дәуіріндегі құрылыстардан патшайым Елизавета біріншінің заманына дейінгі ескерткіштер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Мамандар жәдігерлерді дрондардың көмегімен анықтады. Ғалымдардың айтуынша, тарихи мұра осы өңірдегі адамдардың неолит дәуірінен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі өмір сүру салты, жүргізген шаруашылығы және қоршаған ортамен байланысы туралы тың мәліметтер береді.

«Табылған ескерткіштердің арасында темір және қола дәуіріндегі діни орындар, Рим фермалары, ортағасырлық қоныстар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі лагерьлер бар. Біз бұл нысандарды мұқият зерттеп, олардың кейбіреуіне мемлекеттік қорғау мәртебесін беру мәселесін қарастырамыз»,-дейді Historic England қоғамдық ұйымының жетекшісі Дэмиен Грейди. 

Соңғы жаңалықтар