Ұлыбританияда коронавирус шарықтау шегіне жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда жаңа типті коронавирус індеті шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы Англияның бас санитарлық дәрігері Кри Уиттидің дүйсенбі күні жасау тиіс баяндамасында айтылған, деп хабарлайды РА агенттігі.

«Ұлыбританиядағы қазіргі үрдіс теріс бағытқа бара жатқандығымыздың айғағы. Бұл біздің пандемияның шарықтау шегіне жеткендігімізді көрсетеді», - делінген Уиттидің баяндамасында.

Ол баспасөз мәслихатында британдық үкіметтің ғылыми кеңесшісі Патрик Валланспен бірге сөз сөйлеуі тиіс.

РА мәліметінше, Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбіде ұлтқа арнап телеүндеу жолдауы мүмкін. Онда премьер-министр коронавирусқа байланысты енгізілген сақтық ережелерін қатаң ұстануды соңғы рет ескертпек. Олай болмаған жағдайда жалпыұлттық карантин енгізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар