Ұлыбританияда екі миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Англияда Covid-19 вирусына қарсы жаппай вакциналаудың жеті хабы ашылды. Көрме орталықтары мен футбол стадиондары, корольдік отбасының танымал ипподромының жанында адамдарға екпе егу орындары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жаппай вакциналауға артылып отырған сенім жоғары, себебі елде коронавирустың «британдық штаммын» жұқтырғандар саны өсіп келеді.

Жалпы Британияның екі миллион тұрғын ауруға қарсы екпе алды.

Ел билігі күзге қарай Британияның барлық ересек тұрғындарына екпе жасауды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Ұлыбританияда B.1.1.7 атаулы коронавирустың жаңа штамы анықталды. Кейін ол әлемнің 41 еліне және Ресейге тарап үлгерді.
Коронавирустың жаңа штамы туралы толық мәліметтерді мына жерден көруге болады. Әзірге Қазақстанда мұндай штамы бар ауыру белгілері тіркелген жоқ.
Соңғы жаңалықтар