Ұлыбританияда Brexit құрметіне монета шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания қаржы министрі Саджид Джавид 50 пенс миллиондаған естелік монетасын шығаруды көздеп отыр. Ол осы жылдың қазанында Британия Еуропалық одақтан кеткен кезде шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Оның алдында болған елдің қаржы министрі Филипп Хаммонд тиынның коллекциялық нұсқасын шығаруды жоспарлаған болатын. Джавид жалпы қолданыста болатын монетаны шығаруға үміттеніп отыр. 2018 жылдың қазанында Хаммонд 10 000 тиын шығару туралы жоспарын жария етті. Олардың әрқайсысы коллекционерлерге 10 фунттан сатылмақ.

Жаңа тиындардың дизайны бұрынғыша, «Бейбітшілік, гүлдену және барлық халықтармен достастық» жазбасымен болады. Бірақ, оның датасы ЕО-дан шыққан күнмен жаңартылмақ.

50 пенс монета 1973 жылы Ұлыбритания Еуропалық Экономикалық Қоғамдастыққа қосылғанда және 1998 жылы ЕО-ға төрағалық еткенде айналымға шығарылған еді.

Соңғы жаңалықтар