кеше 09:42 «Вест Хэм Юнайтед» футболдан UEFA Конференция лигасының жеңімпазы болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасы футболдан UEFA Конференция лигасының жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 11:38 Андрес Родригес-Посе: Астана халықаралық форумы - әлемге берері мол жиын АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-8 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді. Оған 300-ден астам әлемге танымал спикер қатысады. Алқалы жиын қонақтары қатарында британиялық озық оқу орындарының профессорлары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 08:57 Ұлыбританияда вейп саудасы қатаң бақыланады ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда электрондық темекілер туралы заңның осал тұстарын саудагерлер пайдаланып жатыр. Олар өскелең ұрпаққа вейптің тегін үлгілерін ұсынып, балаларды тәуелді етуде. Нәтижесінде жастар мен жасөспірімдер арасында электронды шылымқұмарлардың қатары күрт артты. Енді жергілікті билік буыны беки қоймағандарға бағытталған вейп-маркетингке қарсы ымырасыз күрес жариялап отыр, дейді ҚазАқпарат тілшісі.
26.05.2023 10:15 Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер саны артып келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 24-25 мамырда Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
24.05.2023 14:35 Букмекерлер 100 млн фунт ақшадан қағылуы мүмкін: Ұлыбританияда құмар ойындарын қадағалау күшейеді ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания үкіметі Құмар ойындар туралы заңды реформаламауды жоспарлап отыр. Осылайша билік халықты лудоманиядан қорғамақшы. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ставкалардың жоғарғы шегі енгізіледі. Онлайн ойын автоматтары үшін оның көлемі 15 стерлинг фунтынан, яғни шамамен 9 мың теңгеден аспауы керек. Британ билігі бәс тігемін деп басы бәлеге қалатындарды тағы қалай қорғауды жоспарлап отырғанын ҚазАқпарат тілшісі зерттеп көрді.
19.05.2023 22:42 British Telecom 55 мыңға жуық жұмысшыны қысқартады АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ телекоммуникация алпауыты British Telecom онжылдықтың соңына қарай жұмыс орындарын 40 мыңнан 55 мыңға дейін азайту жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
19.05.2023 16:24 Ұлыбританияда 20 мыңға жуық теміржолшы ереуілге шығады ЛОНДОН. ҚазАқпарат - 2 маусымға белгіленген ереуілге Ұлыбританияның 14 теміржол компаниясының 20 мыңға жуық қызметкері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
18.05.2023 16:41 Британ парламентарийлері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға келеді ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания парламенті Сыртқы істер комитетінің өкілдері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға бамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
06.05.2023 20:53 ІІІ Карл Ұлыбритания королі ретінде салтанатты түрде таққа отырды ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Лондондағы Вестминстер аббаттығында Британия монархы ІІІ Карл мен жұбайы Камиллаға тәж кигізу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
03.05.2023 12:44 Қазақтың мақал-мәтелі британдық жастарды қалай шабыттандырады ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Оксфорд университетіндегі қазақстандық зерттеуші докторант Ольга Мун Кил университетінің Әлеуметтік, саяси және жаһандық зерттеулер мектебіндегі әріптесі Айзуддин Мохамед Ануармен бірге британдық студенттерді қазақ және малайзиялық мақал-мәтелдердің терең мағынасымен таныстыруға арналған зерттеу жобасын қолға алды. Толығырақ ҚазАқпарат тілшісінің материалынан оқыңыз.
28.04.2023 08:33 Лондонда Италия мен Ұлыбритания премьер-министрлерінің келіссөздері өтті БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен Даунинг-стриттегі екіжақты келіссөздер кезінде Италия мен Ұлыбритания қарым-қатынасының жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
27.04.2023 10:01 «Манчестер Сити» шабуылшысы Ағылшын лигасында рекорд орнатты АСТАНА. ҚазАқпарат – «Манчестер Сити» шабуылшысы, норвегиялық Эрлинг Холанд Ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.04.2023 08:38 Ақбөкенді зерттеуші қазақ ғалымы Whitley Awards табиғат қорғау сыйлығына ие болды ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ақбөкенді зерттеуші қазақстандық ғалым Альберт Салемгареев табиғатты қорғау саласындағы беделді Whitley Awards 2023 жүлдесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
27.04.2023 07:56 Плагиат жасап, ән ұрлады деп айыпталған Эд Ширан сотта жауап берді НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Осы аптада британ әншісі Эд Ширан Нью-Йорк сотында куәлік етті. Оған танымал Thinking Out Loud әні Марвин Гэйдің 1973 жылғы Let's Get it On композициясының плагиаты деген айып тағылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
25.04.2023 08:32 Тамақтың калориясын мәзірге жазып қою қатерлі ісіктен болатын мыңдаған өлімнің алдын алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мейрамхана мәзіріне тағамның құндылығын қосып жазу мыңдаған адамның өмірін аман алып қалады және миллиардтаған доллар шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жаңа зерттеуге сілтеме жасап.
22.04.2023 04:25 Ханзада Уильям пабта дартс ойнады БИРМИНГЕМ. ҚазАқпарат – Уэльс ханзадасы Уильям ханшайыммен бірге пабта болып, дартс партиясын ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
09.04.2023 15:13 III Чарльз бен Англия шіркеуі арасында тәж кию рәсіміне қатысты келіспеушілік туды ЛОНДОН. ҚазАқпарат -Ұлыбритания королі III Чарльз бен Англия шіркеуі дінбасыларының тәж кию рәсімін қалай ұйымдастыру керектігі туралы көзқарастары әртүрлі болып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
02.04.2023 20:30 Азия тумалары қалай Ұлыбританияның танымал саясаткерлеріне айналды ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Шотландия үкіметінің жаңа басшысы болып сайланған 37 жастағы Хумза Юсаф Азиядан шыққан кезекті жоғары дәрежелі британдық саясаткер болды. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі Ұлыбританияда беделді салмаққа ие болған Азия тумаларын түгендеп шықты.
01.04.2023 04:20 Ұлыбританияның ғарыш саласындағы Virgin Orbit компаниясы жұмысын тоқтатады ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Британ миллиардері сэр Ричард Брэнсонға тиесілі Virgin Orbit компаниясы жаңа инвестиция тарта алмағандықтан қызметкерлерінің 85% жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
29.03.2023 20:53 ІІІ Чарльз алғашқы мемлекеттік сапарын Германияға жасайды ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Бүгін ІІІ Чарльз Ұлыбритания монархы ретінде Германияға алғашқы шетелдік сапарын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.