Ұлыбритания үкіметінің екі бас министрі отставкаға кетті

None
Фото: Ana Gic/Pixabay
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак британ қоғамының үкіметтен дұрыс, сауатты және байыпты жұмыс күтетінін айтып, отставкаға кетті. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид премьер-министр Борис Джонсонның әрекетімен келіспеуіне байланысты қызметінен кеткен болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияның жаңа денсаулық сақтау министрі болып премьер-министрдің аппарат басшысы Стивен Баркли тағайындалды. Қаржы министрі орнына қазіргі білім министрі Надхим Захави келді.

BBC-дің саяси шолушысы Крис Мейсонның айтуынша, қазір үкіметте болып жатқан жағдай оның толық күйреуіне айналуы мүмкін.

«Екі отставка бірінен соң бірі жарияланды... Егер отставкалар жалғаса берсе, Борис Джонсонның премьер-министр қызметінде қалуы өте қиын болады», - деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар