USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон азаматтарды ревакцинациядан өтуге шақырды

2021 жылғы 24 қазан 19:59
Бөлісіңіз:
Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон азаматтарды ревакцинациядан өтуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Үкіметі соңғы тәулікте SARS-COV-2 инфекциясы туралы мәліметтерді жариялады. Елде бір тәулікте 44 985 адам вирус жұқтырған, вирус тасымалдаушылардың жалпы саны 8 734 934-ке жетті.

Ұқсас жаңалықтар
24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі ШҚО-да банкет пен той өткізуге тыйым салынды – жаңа Қаулы ПТР-тестіге тегін жолдама кімге және қалай беріледі

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Премьер-министр Борис Джонсон азаматтарды дереу вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды. Ол британдықтардың коронавируспен күресте «феноменальды прогреске» қол жеткізгенін атап өтіп, вакцинаның қорғау қабілеті алты айдан кейін әлсіреуі мүмкін екенін еске салды. Ұлыбританияда 50 жастан асқан тұрғындар, медицина қызметкерлері, қарттар үйінің қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар covid-19-ға қарсы үдеткіш вакцинация жасауы қажет.

Украинада коронавирус толқыны әлсіремей тұр. Өткен тәулікте инфекцияның 23 229 жаңа расталған жағдайы анықталды және 483 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Нәтижесінде, SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының жалпы саны пандемия басталғаннан бері 2 748 614 адамға жетті, ал өлім жағдайларының саны 63 486 болды.

Айта кету керек, елде иммундау төмен қарқынмен жүріп жатыр. Бірінші дозамен вакцинацияланғандардың саны - 8 890 452 немесе 21,5 %, вакцинацияның толық курсын 6 963 577 азамат өтті. Қазіргі уақытта Украинада 43 миллионнан астам адам тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT