Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында дүниеден өтті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Британдық СІМ бұл оқиға туралы II Елизавета ресми Мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметіне, сондай-ақ Ұлттар достастығына мүше 38 елдің басшылығына хабарлады.

Патшайымның қайтыс болғаны туралы хабарланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттардағы мемлекеттік ту түсірілді.

Бұған дейін монарх Балморалда медициналық бақылауда болғандығы туралы хабарланған еді.

Патшайымның ұлы ханзада Чарльз және басқа да отбасы мүшелері Шотландиядағы резиденциясына келіп, онымен бірге болды.


Соңғы жаңалықтар