Ұлыбритания қазақстандық мұнай мен газды экспорттау жолдарын іздеуде көмекке дайын

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбритания қазақстандық өнімдерді экспорттаудың балама жолдарын табу жолында елімізге қолдау көрсетуге ниетті. Бұл туралы аталған елдің Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли елордаға сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менде қазақстандық мұнай мен газды тасымалдау мәселесін талқылау мүмкіндігі болды. Ұлыбритания тарапынан қазақстандық өнімдерді экспорттаудың балама жолдарын табу үшін «Орта дәліз» жобасын қолдауда не істей алатынымыз айтылды», - деді Джеймс Клеверли Сыртқы істер министрлігінде өткен ресми кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Оның айтуынша, Ұлыбритания қазақстандық экономикалық базаны қорғау және әртараптандыру тәсілдерін жетілдіруде Үкіметпен бірге жұмысты жалғастырады.

«Қазақстанның халықаралық әріптестерімен жұмыс істеуде бірнеше нұсқаның болуы біздің мүддемізге сай келеді. Британдық тәжірибенің, инвестицияның көмегімен әртараптандыру мүмкіндігін дамытуда белсенді рөл атқарамыз», - дейді ұлыбританиялық мейман.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли алғаш рет ресми сапармен Қазақстанға келді.


Соңғы жаңалықтар