Ұлыбритания Қазақстандағы білім беру базасын нығайтпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығына барынша қолдау жасауға ниетті. Бұл туралы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффорд мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бірнеше айда британдық белгілі саясаткерлер, судьялар және түрлі сарапшылар ынтымақтастықты нығайту мақсатында Астанаға сапармен келді. Сонымен алдағы жылы Лондон мэрі халықаралық және өңірлік қаржылық хаб ретінде Астананың дамуына өз қолдауын білдіру үшін осында сапарламақ. «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) ағылшын құқығын енгізу  - бұл Орталық Азия үшін бірегей қадам. Атап айтқанда, біз АХҚО қызметіне барынша қолдау жасауға ниеттіміз», - Майкл Гиффорд Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында.

Бұдан бөлек Елші британдық тарап таяу жылдары Қазақстандағы жұмыс күшіне арналған білім беру базасын нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, Ұлыбритания тарапы мұнай-газ, тау-кен, білім беру, сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі», - деді М. Гиффорд.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының жағдайына баға берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар