Ұлыбритания ханшайымы Елизавета ІІ өміріне қастандықтың жолы кесілді - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық полиция ханшайым Елизавета ІІ өміріне қастандықтың алдын алып, төрт исламшыны қолға түсірді. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлады.

Басылымның жазуынша, лаңкестер ханшайымды жұма күні соғыстар мен қарулы жанжалдар кезінде қаза тапқандарға арналған Корольдік британдық легионды еске алу фестивалі барысында өлтірмек болған.

Қылмыскерлер ханшайымға Король Альберт-холында пышақ салуды көздеген, бұл ретте оларда мылтықтың болуы да жоққа шығарылмайды. Полиция 19 бен 27 жас аралығындағы төрт күдікті азаматты ұстады, сондай-ақ Лондонның батыс бөлігі мен Бакингемшир графтығында бірнеше рейд өткізді.

Күдіктілердің барлығы Лондон орталығындағы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралды. Лаңкестік әрекеттерді дайындауда күдікті адамдарды ұстау туралы ақпарат Скотланд-Ярдтың есеп беруінде хабарланады, алайда олардың ханшайымға қастандық жасауға дайындығы туралы ештеңе айтылмауда.

Елизавета II мен премьер-министр Дэвид Кэмерон бұл келеңсіз жағдай туралы ақпараттандырылған. Сонда да Букингем сарайында ханшайымның ресми шараларға қатысатындығы жайлы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар