Ұлыбритания ЕО-дан референдумнан соң 3,5 жылдан кейін ресми шықты

None
None
ЛОНДОН. BBC - ҚазАқпарат – Орталық еуропалық уақыт бойынша 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні Брексит бойынша референдумнан соң, 188 апта өткеннен кейін Британия ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си-ге сілтеме жасап.

Шығуға дайындық Лондон мен Брюссельде күн бойы жүрді, ал Борис Джонсон британдықтарға «ұлттық жаңғыруға» уәде берді.

«Мен мұны өте дұрыс және демократиялық шешім деп есептеймін», - деп мәлімдеді премьер-министр Борис Джонсон жұма күні.

«Менің ойымша, Еуроодақ 50 жыл бойы біздің еліміз үшін бұдан былай сәйкес келмейтін бағытта дамып келеді», - деп мәлімдеді премьер 31 қаңтарда.

Премьер жаңа Британия көші-қонды бақылайтын, еркін экономикалық аймақтар құратынын, климаттың жаһандық өзгеруіне қарсы күресті тоқтатпайтынын және түбінде қылмысты жеңетінін айтты. ЕО-дан ресми шығу сәтінде техникалық дайындық күні бойы жүргізілді.

Брюссельде Еуропарламент ғимаратының жанында британдық туды алып, оны Еуроодақ жалауына ауыстырды. Еуропарламенттің Британиядан сайланған мүшелер тобы бірнеше күн бұрын мәжіліс залынан британдық туды көтеріп шыққан еді. Парламентарий Джонатан Буллок қаладан кетіп бара жатқанда өз автомобилінің терезесінен «юнион джекпен» (Ұлыбритания туы - ред.) қол бұлғап кетті.


Соңғы жаңалықтар