Ұлыбритания ЭКСПО-ға әлемдегі ең жүйрік көлікті «әкелді»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлыбритания павильонына әлемдегі ең жүйрік автокөліктің макеті әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлікті құрастырған «Bloodhound SSC» компаниясының өкілі Джесвандт Сингх Сандидің айтуынша, машинаның үш қозғалтқышы бар - зымырандық, ұшақтық турбо-қозғалтқыш және әдеттегі автомобильдік.

«Атап айтқанда, зымырандық қозғалтқыш шаш бояу үшін қолданылып жүрген тотыққан қышқылдармен жұмыс істейді. Тежегішті басқанда, машинаның аэромобильдік ерекшеліктері секундына 70 мильде тоқтауға мүмкіндік береді. Көлік тоқтаған соң, автомобиль қалыпты режімге ауысады", - дейді Д.С.Санди.
null

Оның айтуынша, машина сағатына 200 миль жылдамдықта жүре алады, алайда британдық инженерлер мұнымен тоқтап қалғысы келмейді.

"Біздің команда сағатына 1000 миль жылдамдықтағы рекордты бұзғысы келеді. Бұл жобаны өткен жылы іске қостық, қазірдің өзінде жылдамдықты 200 миль/сағаттан асырдық. Қазан айында Оңтүстік Африка Республикасына аппаратты тестілеуге барамыз және онда көлікті 800 миль/сағат жылдамдығымен айдап көргіміз келеді. Бір жылдан кейін 1000 миль/сағат рекордын өзгертуге тырысамыз", - деп атап өтті Санди.

Автокөлік бензинмен жүреді. Инженер аталған жобаның басты мақсаты - білім беру екенін баса айтты.

«Бізден «баламалы энергиямен жұмыс істейтін машина құрастырдыңыздар ма?» деп жиі сұрайды. Жобаның басты мақсаты - білім беру. Біз барша әлемдегі жас ұрпақтың назарын ғылымға, инженерияға, жаңа технологияларға аударғымыз келеді", - деді ол.

«Мен үнемі балалардан әлемдегі ең танымал инженердің кім екенін сұраймын, - деп жалғастырды компания өкілі, - Олар бұл сұраққа ешқашан жауап бере алмайды... Танымал футболшыны ата десек, барлығы жауап беруге әзір. Демек, қазіргі үгіт-насихат дұрыс бағытта емес. Сол себепті, әлемдегі ең жылдам машинаны жасауды ұйғардық".

Соңғы жаңалықтар