Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің орынбасары, депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Доррис – коронавирус жұқтырған парламенттің алғашқы мүшесі. Оның ағзасынан вирус табылғаннан кейін ол барлық ұсынылған сақтық шараларын қабылдап, үй карантинінде қалды.

Оның хабарламасында Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі депутатпен байланысқа түскен адамдарды іздеу басталғаны айтылған. Доррис өзімен бір үйде тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы екенін хабарлады. Сейсенбі күні депутаттың анасы жөтеліп ауырған.

Денсаулық сақтау министрлігі Дорристі ауру белгілері бейсенбі күні пайда болғанын мәлімдеді. Сол күні ол премьер-министр ұйымдастырған Даунинг-стрит шарасында болған.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Ұлыбритания бойынша барлығы 25 000 тест жасағанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда вирустан 6 адам көз жұмды. Англияда коронавирус жұқтырғандар саны 324 адамға жетті, Шотландияда - 27, Солтүстік Ирландияда - 16 және Уэльсте 15 адам.

Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияға Италиядан келгендердің барлығына 14 күнге өзін-өзі оқшаулауға кеңес берді.

British Airways Италияға және кері қарай ұшатын барлық рейсті 4 сәуірге дейін тоқтатты және компания қызметкерлерінен ақысы төленбейтін демалыс алуларын сұрады.


Соңғы жаңалықтар