+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Ұлыбритания бензинмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салуы мүмкін

2020 жылғы 22 қыркүйек 07:24
Бөлісіңіз:
Ұлыбритания бензинмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық үкімет бензинмен жүретін көліктерді сатуға бұрын жоспарланған 2040 жылы емес, он жыл бұрын, яғни 2030 жылдан бастап тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады Қаңтар-тамызда елімізде жарты миллионға жуық жеңіл автомобиль тіркелген ЕАЭО аумағында электронды ПТС жүйесіне көшу шарасы 2021 жылға қалды

Бұл шара Біріккен Корольдік жолдарында электромобильдердің таралуын жылдамдатады.

Жаңа «жол картасы» қыркүйектің соңына қарай жарияланады деп күтілген еді.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, енді бұл үкіметтің соңғы кездері коронавирус індетіне шалдыққандар санының күрт көбеюіне байланысты 2020 жылдың соңына қарай қолға алынады.

Айта кетсек, Норвегия 2025 жылы жанармаймен жүретін жаңа автомобильдерді түгелдей сатуға тыйым салатын алғашқы ел болғалы отыр.

Ал Германия, Ирландия және Нидерланды тыйым салуды 2030 жылы енгізбек. Францияда экологиялық таза көліктер 2040 жылдан бастап баламасыз болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT