Ұлыбритания басқа елдерге көрсететін көмек көлемін қысқартпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британ парламенті ел үкіметінің шетелдік мемлекеттерге көмек көлемін жалпы ұлттық кірістің 0,7%-дан 0,5%-ға дейін қысқарту ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осы бастамаға байланысты көмекке мұқтаж әлем елдері биылғы жылы корольдіктен төрт миллиард фунт стерлингке жуық көлемдегі көмегін алмайды. Заң жобасын қолдап 333 депутат дауыс берсе, тағы 298 депутат оған қарсы шықты.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон осындай қадамның қажет болғанын атап өтті.

«Сіз өз халқыңызды бұрын болмаған экономикалық дауылдан қорғау үшін 407 миллиард фунт стерлинг жұмсауға мәжбүрлі болсаңыз, мемлекеттік шығынның басқа салаларына да қиындық туындайды», - деді ол.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тереза Мэй мен оппозиция көшбасшысы Сэр Кейр Стармен заң жобасына қатысты қатаң сын айтты.

«Дамыту мақсатында жіберіліп отырған көмек қысқартылуда. Осы арада біз оның жанжалдардың алдын алып, ауру және үйлерін тастап кететін адамдар санын азайтатынын біліп отырмыз», - деді оппозиция көшбасшысы Кейр Стармер.

Джонсон Қаржы министрлігінің көмек көлемін бұрынғы көрсеткішке қайтару мүмкіндігін жыл сайын қарастырып отыратынын мәлімдеді. Ал әзірге бірқатар қайырымдылық ұйымдар, атап өткенде Oxfam және ActionAid көптеген жобаларды тоқтататынын ескертті.


Соңғы жаңалықтар