«Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» конференциясы басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Түркістан қаласында «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» атты ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтуде. Екі күндік басқосу  Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы әкімдігі бірлесіп өткізуде. Аталған жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина елдері мен отандық ғалымдар, музей ісінің мамандары қатысып отыр.

Конференция мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындарды насихаттау. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жəне Қазақ хандығының ғасырлар бойы рухани астанасы болып келген Түркістанның орны мен рөлі және отандық музей саласындағы өзекті проблемаларды сараптау, талдау көзделген. 

Соңғы жаңалықтар