Ұлы Жеңістің нәтижелерін жас толқынға дұрыс дәріптеу қажет - З. Ахметова

None
None
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ұлы Жеңістің нәтижелерін жас толқынға дұрыс дәріптеу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада халықаралық әйелдер күніне арналған шарада жазушы, халықтық педагогикасы «Кәусар бұлақ» бағдарламасының авторы Зейнеп Ахметова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында бұл Жеңістің құндылықтарын, соның нәтижесін басқа қырынан көрсетіп, басқаша баға беру, теріс жағынан бұру кәдімгідей науқан болып бара жатыр», деді З. Ахметова.

Осы орайда ол шет тілін жақсы білетін, ғаламторды кеңінен пайдаланатын жастарымызды бұл теріс пікірлер адастыруы мүмкін екендігіне қауіп білдірді.

Арамызда тамған тамшыдай қадау-қадау қалған ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесін, сондай-ақ олардың даналығын, әсіресе отансүйгіштігін, адалдығын осы оқу орындарында, мектептерде, бала бақшаларда тәрбие жұмыстары тұрғысында пайдалану өте жақсы болар еді», деді З. Ахметова.

Соңғы жаңалықтар