ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Көкше ұланы - Кеңес Одағының Батыры Николай Веденеев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Николай Денисович Веденеев 1897 жылы 16 наурызда Челябі облысы Пластовский қалалық кеңесінің Верхняя Санарка селосында дүниеге келді. Бастауыш білім алып, телеграфшы болып еңбек етті.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қатардағы қызыл әскерден Батыс ерекше әскери округінің 6-ыншы механикаландырылған корпусы командирінің орынбасары, штаб бастығы лауазымдарына дейін көтерілді. Атбасарда ревком төрағасы болды. Генерал-майор шенін де соғысқа дейін алды. Ол соғысқа алғашқы күндерден бастап қатысты. Батыс майданының 13-інші армия корпусы жау қоршауында қалғанда, бар басшылықты өзіне алып, екі ай бойы қиян-кескі ұрыстар жүргізіп, өз әскерімізге қосылды. 1944 жылдың сәуірінде осы армияның 3-інші корпусына басшылық жасаған кезінде ерекше көзге түсті. Үш апта бойы ұрыс сала отырып, 500 шақырымды еңсеріп, Одер өзенінің батыс жағалауындағы аса маңызды әскери плацдарм - Кюстрин қаласын басып алды. Осы операция кезінде оның жауынгерлері жаудың 74 танкісін, 348 қару құралдарын, 34 ұшағын және 3316 адамын құртты. Қарамағындағы корпусқа білікті басшылық жасағаны үшін А.Д.Веденеевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 6 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін әртүрлі әскери бөлімдерде басшылық қызметтер атқарды. 1951 жылы отставкаға шығып, 1964 жылы Мәскеу қаласында қайтыс болды. Сардз (Польша) қаласының құрметті азаматы. Туған жерінде мүсіні орнатылған.

Соңғы жаңалықтар