Ұлы Жеңіске 70 жыл: Алматы студенттері «Жеңіс аллеясын» отырғызды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің студенттері Жеңістің 70 жылдығына орай аллея отырғызды. Студенттер осылайша қан майданда ерлікпен қаза тапқан дәрігерлер рухына құрмет көрсетті.

Жүздеген жас шырша көшеті Төле би көшесінің бойында Сейфуллин мен Масанчи көшелерінің аралығында отырғызылды. «Биыл ел болып бірнеше мерейтойды тойлағалы жатырмыз. Бұл: Жеңістің 70 жылдығы, біздің университетіміздің 85 жылдығы. Соғыстың алғашқы жылдарында осында оқыған 300-ге жуық студент майдан шебіне аттанды. Сол ерлердің құрметіне әр жылы бітірген түлектер «Альма-матерге» шырша аллеясын сыйға тартпақ. Көп жыл өткен соң бүгінгі жас студенттер бау-бақшаға айналған аллея жанынан қалыптасқан дәрігер ретінде отбасымен өтетін болады. Бұл аллея жылдардан естелік боп қалмақ», - деді ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов.

Соңғы жаңалықтар