Ұлы саясаткердің парасатты қадамы - Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтатуы туралы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы туралы өз пікірін білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Ұлы саясаткердің дана қадамының куәсі болдық. Ол бір ғана қолтаңбасын қоя отырып тариxты жазды десем, артық айтпаспын. Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігі - орасан зор саяси мұра", - деді министр "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

Оның айтуынша, Елбасының кезінде жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізі қаланды, біздің Конституциямызды қабылдаудан бастап мүлдем жаңа Елорданы салуға дейінгі барлық тағдыршешті қадамдар жасалды.

"Енді бұл мұра өркениетті, бейбіт және билік өкілеттіктерінің бірқалыпты берілуімен аяқталды. Менің ойымша, бізге, болашақ ұрпақ үшін бұл Тұңғыш Президенттің Тәуелсіздігімізді сақтап, қазақ жеріндегі бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтауымыз керек деп қалдырған өсиеті. Ал болашақ билеушілердің кез келген қадамы тек ұлттық мүдделерді анықтауы тиіс", - деді Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқаны туралы хабарлаған болатын.

ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатын басқарған Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел басқару өкілеттігі берілді.

Соңғы жаңалықтар