Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аясында Қарулы Күштерде 70-тен аса іс-шара өткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жыл барша Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында маңызды мерейтойлық даталарға толы болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында 70-тен аса іс-шара, оның ішінде Қарулы Күштер тарихындағы ең ауқымды әскери парад іске асырылды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Ұлттық әскери-патриоттық орталық құрылды. Оның қабырғасында әскери-тарихи мұражай ашылды.

Өзгерістер әскери білім беруді де қамтыды. Сонымен, 2015 жылы Алматы қаласында орналасқан Б.Момышұлы атындағы РӘМИ, Шымкент қаласындағы С.Рақымов атындағы РӘМИ және Қарағандыдағы Н.Әбдіров атындағы РӘМИ үш республикалық әскери мектеп-интернаттары Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді. Одан басқа, тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпы білім берудің стандарттары әзірленді.

Сондай-ақ келесі 2016 жылы әскери білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшу жүзеге асырылып, әскери жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың тізбесі кеңейтіледі.

Соңғы жаңалықтар