Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың тарихи 65 сәті: Соғыста сенен бұл жерде қанша уақыт болдың деп сұрамайды: қас-қағым сәт сен үшін соңғы болуы мүмкін - Берлин операциясына қатысушы Қасен Кариев

None
None
СТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Соғыс қай кезде де тосыннан басталады, дегенмен уақыт өте келе тарихшыларға шарасыз көрінуі де мүмкін. 1941 жылы ең қорқынышты, ең таяу әрі естелігі мол Ұлы Отан соғысы басталды.

Ұлтшылдарды көп адам шығынынсыз тоқтату мүмкін емес болатын дегенді айтады: соғыс барысында 20 миллионнан астам (кейбір деректерде 27 миллион) кеңес жауынгерлері мен бейбіт тұрғындар қаза тауып, Германия майдан даласында 10 миллионға жуық отандастарынан айырылды. Сол бір оқиғаларға қатысушылар бүгінде даңқты соғыс күндерін жан дүниесінде қуанышпен әрі қайғыра еске алады.

Жыл өткен сайын сұрапыл соғысқа қатысушылардың саны сирей түсуде. Олар туралы көп жазылды, бірнеше жүздеген мың рет әңгімеленді, бірақ бұны барлығы да олардың жеңістеріне тағзым ететін ұрпақтың қолынан келер жақсылығының бір бөлігі ғана.

90 жылдық белеске шыққалы отырған «ҚазАқпарат» АҚ-ның жаңа жобасы аясында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың тарихи 65 сәті» айдарында сіздердің назарларыңызға 1945 жылғы Берлин операциясына қатысушы ардагер Қасен Кариев жайындағы әңгімені ұсынады.

Оның әскери жолы бүкіл өміріне жалғасты, оның жасаған ерліктері майдан даласында қалды. Таяуда ол 84 жасқа келді. Сол бір зұлмат жылдардың зардабы қазіргі уақытта денсаулығына әсер етуде. Қасен атаның құлағы ауырлаған, ал жүргенде ақсаңдай басады. «Мамырдың 9-ы біздің әрқайсымыз үшін жан дүниеміздің мерекесі. Өйткені осы күні біз майдандастарымызбен жүздесіп, соғысты, майдан даласында шейіт болған достарымызды еске аламыз. Мен соғыс уақытында жаудың қаншама танкісін немесе солдатын жер жастандырдым деп мақтана алмаймын, халық алдында асыра мақтану күнә. Майдан даласында ешкім де қанша жауды өлтіргенін санап отырған жоқ, ең бастысы тірі қалу, жеңу және аман-есен үйге оралу болды. Біздің ерліктеріміз жайында қойын дәптерлеріне жазбалар түсіріп отырған командирлер ғана білетін, бірақ олар да адам баласы, олардың көпшілігі жау оғынан қаза тауып, мәліметтер жоғалды. Ал бір солдаттың медалі көп, демек ол басқадан жақсы соғысты деп айтуға ешкімнің батылы бармайды, жеңіс біреу, ортақ», дейді ардагер.

Қасен ата соғыста өзінің майдангер жолдастарының, жерлестерінің тең жарымынан айырылғанын тілге тиек етті. Олардың көшілігінің жасы 19-да болатын. «Менің жолдастарымның басым бөлігі ақмолалықтар мен қарағандылықтар болатын, олар елге оралмады. Тірі қалғандарымен соғыстан кейін де ұзақ уақыт бойы хат алысып тұрдық, ал олардың екеуімен әлі күнге дейін телефон арқылы хабарласып тұрамыз», дейді майдангер.

Ардагер Қасен Кариев қатысқан 1945 жылғы мамырдағы Берлин операциясына 2,5 миллионнан астам жауынгерлер мен офицерлер, 6000 танк пен қозғалмалы қару-жарақ, 7500 ұшақ жұмылдырылды. Ресми деректерге сәйкес, Қызыл Армия бір тәулікте 15 мыңнан астам жауынгері мен офицерлерінен айырылған. Тірі қалу мүмкіндігі төмен сол бір ұрыстарда біздің батырымыздың жол болып, еш жарақатсыз аман қалып, ондаған жаудың көзін жойды.

«Соғыста ең бастысы жолдасыңмен иықтаса, бір-біріңді қорғай жүріп сасқалақтамауың қажет. Сталиннің бұйрығымен окопты екі адам бірлесіп қазды, бұл қауіпсіздік және соғыс тәртібін қалыптасыру мақсатында жасалды. Сол уақытта мен жеткізуші болатынмын, жолдасым позиция таңдағаннан кейін мен еңбектеп қасына баратынмын. Бас көтеру мүмкін емес, төбеңнен ондаған оқтар ұшып жататын. Бір ғана «Дегтярев» пулеметінің оқсыз салмағы шамамен 16, ал «Симонов» 24 келі болатын, сонымен қатар гранатаң және басқа да соғысқа қажетті құрал-жабдықтарың бар. Сондықтан біріміздің соңымыздан екіншіміз, біреуі алға ұмтылғанда екіншісі соңынан еңбектейтін. Бұйрықтың аты бұйрық: орындамасаң ту сыртыңнан атады, алға жүрсең немістер тыныш тыныс алуға мүмкіндік бермейді», деп жымия еске алады Қасен ата.

«Бірде бір жолдасыммен кездестім, ол бір ғана ұрысқа, шамамен 1 сағат қана қатысты, ал оның зардабын жылдар бойы көріп келеді. Соғыс барысында өте ауыр жарақат алып, Шу әскери госпиталінде 4 жыл бойы емделді. Соғыста сенен бұл жерде қанша уақыт болдың деп сұрамайды: қас-қағым сәт сен үшін соңғы болуы мүмкін. Шынымен де соғысқа бастан аяқ қатысқанымен бірде-бір рет жарақат алмағандар да болды, мүмкін ерекше періштелері қолдаған шығар», дейді ардагер.

Қазіргі күні біраз жасқа келгеніне қарамастан соғыс ардагері болашаққа зор сеніммен қарайды. Оның кителі наградалармен медальдарға толы, оған тағдыр 1945 жылы Берлинде Жеңісті қарсы алуға жазды. «Ардагерлер аз қалды, жыл сайын біреулері көз жұмуда. Таяуда біздер о дүниелік боламыз, алайда ұрпағымыз бізді есіне алып, аталары мен әкелерін мақтан тұтады деп ойлаймын», дейді Қасен ата.

Уақыт өте келе адамдардың жадынан өшіп, мұрағаттардың құнды материалдары болып қалатын оқиғалар да болады. Бірақ кейбір оқиғалардың маңызы уақыт өте келе өшпей, керісінше ерекше маңызға ие болатындығы да кездеседі. Сол бір сұрапыл соғысты есіне түсіріп әңгімелеген қарттың сөздері тарихтың тағдырлы сәттеріндегі, Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісін осындай оқиғалардың қатарына жатқызуға болады деген қорытындыға жетелейді.

Соңғы жаңалықтар