Ұлы даланың жеті қыры - Фьордтар жерінде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің елшілігінің ұйымдастыруымен Осло қаласында «Норвегиядағы Қазақстанның Ұлттық күні» аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Норвегия Корольдігінің билік, саяси партиялар, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдар, БАҚ, бизнес, дипломатиялық корпус, сондай ақ жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. 

Қазақстан дипломаттары қонақтар назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы» кітабын норвег тілінде, Сириядағы шиеленісті жағдайды шешудегі Астананың үлесі туралы «Бітімгер» еңбегін тағы басқа кітаптарын ағылшын тілінде ұсынды.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Президентінің «АТОМ» бастамасына қолдау білдіріп, іске асыру мақсатында ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі петицияға қол кою акциясына қатысты.

null  Шақырылғандар Елбасының Қазақстан халқына жолдауында жария етілген бастамаларымен және жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ұлттық тарихымыздың, мәдениетіміздің жаһандық өркениетке қосқан үлесі туралы кеңінен танысты.  

Сондай ақ, қонақтарға Қазақстанның туристік мүмкіндіктері арнайы ұсынылды. Қазақстанның туристік хабының жаңа мүмкіндіктері жайлы «Қазақ туризм» отандық компаниясы мен келер жылы тұрақты түрде Ұлы дала еліне туристік сапарлар ұйымдастыруды қолға алған норвегиялық «Витус» компаниясы жиналғандарға толыққанды ақпарат берді. «Максишипинг» логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Кристиан Клемметсен: «Қазақстанның туристік мүмкіндіктерімен қатар транзиттік, логистикалық мүмкіндіктері де бізді қызықтырады. Біздің теміржол арқылы жүк тасымалдайтын пойыздарымыз Еуропадан Орталық Азияға тауар тасиды. Сондықтан Қазақстанның құрлықтағы логистикасына сұраныс жоғары. Шынында да, бұл өте тиімді маршрут, теңіз жолынан жылдам, әуе қатынасынан әлдеқайда арзан», - деп атап өтті.null

Қазақстан Президентінің ұлттық сананы түлеткен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған терең ойларды жаһанға жеткізу мақсатында, қазақтың тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін «Сән мен Сахна» халықаралық фестивалінің көрсетілімі болды. Фестиваль директоры, белгілі этно дизайнер Ханум Айдаштың бұл скандинавия еліне екінші сапары. Осы жолы фестиваль шеңберінде норвегиялықтарға қызылордалық этнодизайнер Қарлығаш Ільясова мен ақтаулық Мөлдір Бекібаеваның «Шын жүректен» коллекциясы таныстырылып, жиналғандарды тамсандырды.null

Осло қаласындағы «Кон-Тики» мұражайының директоры Мартин Бил: «Мен үшін Норвегиядағы Қазақстан күніне қатысу үлкен құрмет. Қазақ ұлттық киім үлгілері таныстырылған шоу өте керемет болды. Қазақстан Норвегиядан өте алыс, сондықтан мен миллиондаған скандинавиялықтар санатында қазақ жерімен, мәдениетімен таныс емес едім. Алайда, бүгінгі шараның арқасында Ұлы дала елімен де, халқымен жақынырақ танысып, тәнті болдым», -деді Осло қаласындағы «Кон-Тики» мұражайының директоры Мартин Бил таң қалғандығын жасырмай.  

Суреттері әлемнің ондаған елдерінде жекелеген коллекцияларда сақталған, белгілі суретші, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлмира Телғозиеваның сурет көрмесі де Ұлы дала өркениеті мен ұлттық болмысымызды викингтер еліне танытудың заңды жалғасы іспеттес болды.    

«Норвегиядағы Қазақстанның ұлттық күні» Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдаумен аяқталды.

Жиын барысында Норвегия Корольдігіндегі Қазақстанның уақытша сенімді өкілі Ілияс Омаров екі жақты байланысты дамыту бағытында үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстар жайлы  айтып берді. Дипломат Қазақстан Норвегия елімен жан жақты кеңінен серіктестік орнатуға ниетті екенін, «сондықтан қазақстандықтар фьордтар елі туралы, ал норвегиялықтардың ұлы дала елі жайлы танымы барынша өсетіні сөзсіз», ерекше атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар