Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

2018 жылғы 14 наурыз 19:27 1286
Бөлісіңіз:
«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум Атырауда алғаш рет өткізілуде және екі күнге созылады. Форум аясында бірқатар мәдени және ғылыми іс-шаралар өтеді деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Көрісу», «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы орталық қалалық алаңда өтті.

Аталған іс-шараның халқымыздың  салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, өмір сүру салттарын одан әрі байыту және жас буынды қалыптастыру үшін маңызы зор. Іс-шарада 700-дей әртіс, 5 елдің өкілдері, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан келген 30 шығармашылық ұйым  өнер көрсетті.

Атырау облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері өз киіз үйлерін орнатып, мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсына отырып, мәдени салт-дәстүрлерін көрсетті.

Сонымен қатар қалалық алаңда әркім ұлттық спорт түрлерінен өз күштерін сынай алды.

Фестивальдың ашылуына мыңдаған көрермен жиналды.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде «Көрісуді» мерекелеудің республика аумағында тұратын барлық халықты жақындастыратын дәстүрдің бірі ретіндегі қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде бұл өмірде өз орнын табу үшін әрбір ұлт біртұтас, бәсекеге қабілетті болуы қажет деп бірнеше рет атап көрсетті. Бүгін біздің елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың бірлік пен келісімде өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны ерекше. Мемлекет Басшысының бастамаларын бірқатар елдердің басшылары үлгі етуде. Бірінші кезекте бұл қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі. Барлық қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысын қолдайды», - деді Нұрлан Ноғаев..

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау аясында өткізілуде және екі күнге созылады. Іс-шараның басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін танымал ету.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

Осы екі күн ішінде Форум қонақтары Ырза Тұрсынзаданың этноқолөнерінің шеберлік сағаттарына қатыса алады. Форум аясында республикалық айтыс пен Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылар сайысы өтеді. Абсолютті салмақ категорияларындағы спортшылардың қатысуымен өтетін қазақ күресінен халықаралық ашық чемпионат Форум аясындағы көпшілік  спорттық іс-шаралардың бірі болмақ. Осы күні Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары «Спикер №7» жастар зияткерлік конференциясына қатыса алады.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

Форумның алғашқы күні И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы алаңда жергілікті әртістер мен «Ringo» тобы, Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Тәуекел Мүсілім және Қайрат Нұртас сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін кешкі концертке ұласады.

15 наурызда Қазақстанның, Жақын Шығыс пен Еуропа елдерінің ғалымдары «Наурыз - адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. Мұнайлы астананың қонақтары Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған республикалық әдеби оқуды,  «Ұлы дала ұлағаты» атты кітаптың тұсаукесерін, «Домбыра Party» жастар акциясын тамашалай алады.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

Екі күндік Форум конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен және «Аманат» қоғамдық ұлттық сыйлығын тапсырумен аяқталады.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы: 5 елден 700 әртіс қатысты

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат