«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумында бірқатар азамат марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында ырыс пен ынтымақ ұйытқысы болып жүрген бірқатар азамат Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдық мерекелік медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен және алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 3 шілдегі Жарлығы бойынша композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасының және Татарстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, әнші, композитор, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, көрнекті ғалым Дихан Қамзабекұлы, саясаттанушы, журналист Оразғали Селтеев, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі акционерлік қоғамы «Baq.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Аягөз Құрмашева, Президент оркестрінің әншісі, композитор Медет Салықов, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы, жезтаңдай әнші Клара Төленбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.


Сондай-ақ, Журналист, тележүргізуші Алла Чечеткина, «Арал Петролеум» ЖШС бас директорының көмекшісі Джамалаил Элимханов, Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Анель Пимичева, Қарағанды облысы «Қоғамдық келісім» комунальдық мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметкері Юрий Михуля, «Берегиня» орыс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Елизавета Седышева қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталады.

Шара барысында «Оберег» украиндар қоғамының жастар қанатының мүшесі Юлия Лагуткина мен ҚР Ұлттық гвардиясы ән-би ансамблінің концертмейстері Денис Яковлев Алғыс хатпен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар